Кафедра туралы

Тарихы

 

«Қолданбалы химия » кафедрасы – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің білім беру және ғылыми саласындағы жетекші бөлімдердің бірі.

 

Кафедра 1934 жылы тау-кен - металлургия институты құрылуының алғашқы күнінен ашылды.  Кафедраның құрылуына, кафедраны әр жылдарда басқарған ССРО және Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары себеп болды.

 

1934-1950ж.

Н.И. Бутов – химия кафедрасының бірінші меңгерушісі, химия ғылымының кандидаты,  доцент

1950-1955ж.

В.Д. Пономарев - ҚазССР АҒ академигі, техника ғылымының докторы, профессор

1955-1964ж.

А.И. Преображенский - химия ғылымының кандидаты,  доцент.

 

1964 жылы химия кафедрасының базасында екі кафедра құрылды: жалпы химия кафедрасы және физикалық және аналитикалық химия кафедрасы.

 

Жалпы химия кафедрасын басқарды:

1964-1974ж.

Т.О. Салибаев – техника ғылымының кандидаты, доцент

1974-2000 ж.

У.М. Маканов – ЖҒА академигі, химия ғылымының докторы, профессор

физикалық және аналитикалық химия кафедрасын басқарғандар:

1964-1974ж.

В.П. Космачев - техника ғылымының кандидаты, доцент

1974-1983ж.

Г.Н. Бабкин - техника ғылымының докторы, профессор

1983-1988ж.

Е.М. Шайхутдинов – КазССР АҒ академигі, химия ғылымының докторы, профессор

1988-1992ж.

Ш.Б. Шалабаев - техника ғылымының кандидаты, доцент

1992-1994ж.

М.Е. Ермаганбетов-техника ғылымының докторы, профессор

1994-2000 ж.

С.Х. Хусаин - техника ғылымының докторы, профессор

2000 жылы бұл кафедралар бір химия кафедрасына біріктіріліп, 2012 жылы «Қолданбалы химия » кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушілері болып сайланды:

2000-2004 жж.

У.М. Маканов - ЖҒА академигі, химия ғылымының докторы, профессор

2004 - 2014 ж.

Г.Т. Балакаева - химия ғылымының докторы, профессор

2014ж.қазіргі уақытқа дейін

Кафедраны химия ғылымының кандидаты,  доцент- Каленова А.С. басқарады.

 

2000 жылдан бастап  «Қолданбалы химия» кафедрасы Әл- Машани атындағы Жаратылыстану –гуманитарлық институтының (ЖГИ) құрамында болып, 2010 жылдан бастап Жоғары технологиялар және Тұрақты даму институтының (ЖТжТД), ал 2016 жылдан Химиялық инженерия институты құрамына кірді.

 

«Қолданбалы химия» кафедрасы күндізгі және қашықтан оқитын техникалық  мамандықтар студенттерін химия пәндері бойынша дайындауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде, кейбір мамандықтар үшін ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

 

Кафедраның ғылыми- педагогикалық потенциалы жоғары , оның ішінде 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 5 магистрлер бар. Оқу-көмекші құрам 6 адамды құрайды. Кафедра зертханалары, аналитикалық, коллоидтық және физикалық химия пәндері бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстар үшін Германияда шығарылған «РHYWE» заманауи қондырғыларымен жабдықталған. Кафедраның ПОҚ жетекшілігімен университет студенттері және Алматы қаласы мен Алматы облысының мектеп оқушылары химиядан жыл сайын өтетін Республикалық және Халықаралық пәндік олимпиадаға қатыстырылады. Сондай-ақ студенттер ғылыми студенттік конференцияларға, оқытушылар жүргізетін ғылыми зерттеулерге тартылады.

 

Мақсаттары мен міндеттері

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің техникалық білім беру саласындағы жетекші кафедралардың бірі ретінде «Қолданбалы химия» кафедрасы техникалық білімді жаңа буын мамандарын дайындауды  мақсат етеді.

 

Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін, мынадай мақсаттарды орындау қажет:

- кәсіби салада инженерлік және ғылыми тапсырмаларды нәтижелі орындау үшін, студенттерді жан-жақты дайындауды қамтамасыз ету;

- білім алушыларды ғылыми- зерттеу жұмыстары арқылы дамыту, оларда сыни ойлауды, кәсіби бағытталған дағдылар мен икемділіктерді дамыту;

- ғылыми, ғылыми-өндірістік ұйымдарда және оқу орындарында білікті маман болу үшін, студенттердің кәсіби және этикалық жауапкершілігін арттыру, өмірдің барлық кезеңдерінде   өзіндік көп ізденуге  және біліктіліктерін көтеріп отыруға дайындау.

Наверх