Кафедра туралы

Тарихы

1994 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының физикалық және аналитикалық химия кафедрасы негізінде химиялық технология бағытында ғылыми-техникалық және инженерлік кең профильді мамандар дайындау мақсатында «Жоғары молекулалық қосылыстар» кафедрасы ұйымдастырылған, кейіннен ол «Мұнай, газ және полимерлерді қайта өңдеу технологиясы» кафедрасы болып қайта құрылды. Бұл кафедра – ҚР ҰҒА  академигі Е.М. Шайхутдиновтың  бастамасы бойынша және оның тікелей қатысуымен Ресей, Ұлыбритания мен Италия елдерінің бетке ұстар оқу орындарын  тарта отырып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУда ғылыми-техникалық бағыттағы және инженерлік кең профильді мамандарды химиялық инженерия бағытында дайындау мақсатында  ұйымдастырылған жас кафедралардың бірі. Кафедраның  және жаңа мамандықтардың ашылуы Қазақстандағы мұнай өндіру және химия өнеркәсібінің жедел қарқынмен  дамуына, жаңа мұнай орындарының игерілуіне және мұнай химиясы өнімдерінің  халық шаруашылығының әртүрлі салаларында кең қолданылуына  байланысты болды. Осы жылдар аралығында кафедра Қазақстан Республикасының химия және мұнай-газ салаларында табысты жұмыс істейтін дипломданған мамандардың бірнеше буындарын дайындап шығарды.

 

2016 ж. қаңтар айынан, ҚазҰТЗУ мен ҚБТУ біріккен уақыттан бастап кафедра «Химиялық технология» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедраның құрылған күнінен бастап, оны ҚР жоғарғы мектебінің академигі, химия ғылымының докторы, профессор М.Е. Ермағанбетов (1994-2008 жж.), Қ.И.Сәтбаев атындағы мемлекеттік сыйлық иегері, химия ғылымының докторы, профессор Г.И. Бойко (2008 -2010 жж.) басқарды, ал 2010 жылдың қазан айынан бері кафедраны ҚР ҰҒА  корреспондент мүшесі, профессор Г.Ж. Елигбаева басқарады.

 

Қазіргі уақытта «Химиялық технология» кафедрасы студенттердің үшдеңгейдегі дайындығын (бакалавриат – магистратура - PhD докторантура), «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша және екі деңгейдегі дайындығын (магистратура  – PhD-докторантура) «Мұнай-газ» мамандығы бойынша жүргізуде.

 

«Химиялық технология» кафедрасы – Қазақстан Республикасының мұнай химиясы және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібі  мамандар дайындау саласындағы көшбасшы, Еуропалық одақ, АҚШ жәнге Азия университеттерімен кең халықаралық байланыстары бар, мұнай –газ химия өндірісіндегі жетекші өкілдерімен серіктестік қарым-қатынаста, олар: «Атырау мұнай қайта өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС, «Қазақ газ қайта өңдеу зауыты» ЖШС, «Амангелді газды қайта өңдеу зауыты» ЖШС, «Fluor Corporation» компаниясы, «Тенгизшевройл» ЖШС, «Интергаз Центральная Азия» АҚ, «Тәуелсіз мұнай өнімінің сараптама орталығы (ORGANIC)» ЖШС. Кафедрада «Tempus», “Erasmus”, “Newton-al-Farabi” халықаралық жобалары  орындалады, солардың щеңберінде студенттер мен оқытушылар шетелдік және отандық жоғары оқу орындары мен компанияларда дайындықтан өтеді, ал кафедра зертханалары жаңа химиялық–технологиялық құрал-жабдықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген, олар қазіргі уақытта толық көлемде оқу жүйесінде колданылып отыр.

 

Кафедра ғылыми потенциалы және материальдық-техникалық жабдықталуы жағынан университеттің технологиялық кафедралары арасындағы үздіктерінің  бірі болып саналады. Студенттерді оқытудың жоғары деңгейі ғылыми-педагогикалық және өндірістік тәжірибелері мол жоғары білікті кафедра оқытушылары тұрғысынан қолдау табады.

 

Миссиясы мен стратегиясы:

  • Органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және мұнай мен газды қайта өңдеу бағыттарында қажетті мамандарды дайындау, оқытудың іргелі негізін жақсарту және жас зерттеушілердің ғылыми потенциалын дамыту;
  • Білім беру бағдарламаларын ғылымдағы, қоғам мен әлемдік қауымдағы өгерістерге сай  бейімдеу;
  • Студенттер мен оқытушыларға қолайлы орта құру: бастама мен идеаларды негіздеу, қолдау және дамыту;
  • Бизнес және өндіріспен берік және тұрақты байланыстар құру: дайындықтан өту, тренингтер, бірлескен жобалаулар.

 

Мақсаттар мен тапсырмалар:

  • Органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, мұнай және газды қайта өңдеу салалары бойынша дайындығы жоғары мамандармен еңбек нарығын қамтамасыз ету;
  • Кафедраның, ондағы мамандар мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту;
  • Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы мақсатында кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің өсуін қамтамасыз ету;
  • Химиялық технология мен мұнай химиясы салалары бойынша мамандар дайындау сапасын көтеруге бағытталған бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу  мақсатында батыстың жетекші университеттерімен және әлемдік вендорлармен  өзара тиімді ынтымақтастық орнату арқылы әлемдік білім беру жүйесіне бірігу.
Наверх