Fluor Kazakhstan Inc. компанияның стипендиаттары

Fluor Kazakhstan Inc. компанияның стипендиаттары

   Қ. И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ Химиялық және биологиялық технологиялар институтының студенттері - Сырлыбай Аяжан, Демеубаева Нурикамал, Кинаятова Мадина "Fluor Kazakhstan Inc". инжиниринг компаниясының атаулы стипендияларын иеленді. Американдық компания "Fluor Kazakhstan Inc" әлемдегі ең ірі инжинирингтік корпорациялардың бірі болып табылады, оның ұсынатын қызметтері саласындағы жобалау, салу, техникалық қызмет көрсету салаларында, мұнай өндіру, химиялық және мұнай-химия өнеркәсібі. Көптеген жылдар бойы компания демеушілік жасап, оның ішінде химиялық және мұнай-химия мамандықтар бойынша оқитын талантты студенттерге жыл сайын атаулы стипендия бөліп отырады.

   Стипендиялық сертификаттарды Fluor Kazakhstan Inc өкілдері, директор Крис Родд (Chris Rodd), адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Лаура Гаммаева, сондай-ақ Қ. И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-інің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Р. М. Искаков тапсырды.

440
21 маусым 2017
Наверх